Сырдарияда семинар-кеңес өткізілді

Сырдария аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік органдарда іс-жүргізу», архив ісі, сонымен қатар «Е-Архив» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелермен жұмыс жасау бойынша семинар-кеңес өткізілді. Оған аудандық архив филиалы басшысының міндеті атқарушы Гүлзат Мейрамбекқызы қатысып, аудандық дербес бөлімдердің, Тереңөзек кенті және ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты мамандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстары барысында «Мемлекеттік органдарда іс-жүргізу, архив ісі», сонымен қатар «Е-Архив» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау тәсілдері талқыланып, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Семинар-кеңеске қатысушы жауапты қызметкерлерге аудан әкімі аппараты тарапынан іс-жүргізу, құжаттардың сақталуы, сонымен қатар «Е-Архив» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасауға талдаулар жүргізіліп, кемшіліктер анықталған жағдайда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тәртіптік жауапкершілігі қаралатындығы жөнінде қатаң ескертілді.

Пікір қалдыру

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.